Армысың, акқу арулар – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Армысың, акқу арулар» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 750
Салып бір сыршыл сарынға, Сусылдап қондың қалыңға;
Сағынып туған өлкені, Айдынды аңсағаның ба?
Мауқыңды басып мөлдірге, Иректеп өрнек өрдің бе?
Тербетіп сендей бөбегін, Кетіпті-ау, иіп көл мүлде.
Жағасы жайлау жасыл от, Ананды айнал, асыл, өп;
Жеттің ғой жырлап көктемді, Келдің ғой керуенбасы боп.
Сен өзің айдын сәнісің, Ырғалған қандай «вальсің»;
Құстардын сенсің патшасы, Сұлулық пайғамбарысың!
Аппағын айтам тәніңнің, Аумаған өзі арымның.
Сезімнің сенсің серісі, Сырысың махаббаттарымның.
Базары болып көлімнің, Ажары болып өңірдің;
Мазалы мына көңілдің, Ғазалы болып төгілгін.
Өтсін деп бізде бал айың, Аялап арда бағайын.
Армысың, акқу арулар, Армысың, аппақ ағайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері