Есіңде ме? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Есіңде ме?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 896
Есіңде ме?..
Көктөбе... ақ күміс күн...
Құшып ыстық өзіңді, қатты қыстым.
Құйын болып өткендей болды-ау, дүние,
жанарыңнан сол шақта жат бір ұшқын.
Шырқ үйіріп бір сезім Көктөбені,
жат сурет елестеп өткен еді...
Қайыра кеп құшуға
үркек көңіл
дір-дір етіп, қайтейін, беттемеді.
Өз-өзінен көңілім үркектеді,
әлгі әдемі аспан да нұр төкпеді.
Талай тәлкек тағдырдың куәгері —
Көктөбенің беті де бүлк етпеді.
Содан бері қаншама келді де кеш,
Келді кештер... біз үшін мөлдіремес.
Содан бері...
Көктөбе жаққа барсам,
көз алдымнан кетпейді сол бір елес...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері