Жан қайда? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жан қайда?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 736
Түңілем бе,
жүгірем бе шалғында,
бүгін елге ұнамай да қалдым ба,—
ырызығын айырып жүр ағайын,
баяғыдай жайылып жүр мал қырда.
Тағдыр бізді күні-түні қарғай ма,
шырылдап та жүресің бе шалғайда,
Айтқаныңды хош көретін, құдай-ау,
бар-жоғыңды ескеретін жан қайда?
Жыламайсың,
құламайсың,
күлмейсің,
жұрағатқа не деріңді білмейсің.
Елім есен болғанымен,
жұртым сау,
мені де сен қай жетісіп жүр дейсің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері