Бәрі жалған – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бәрі жалған» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1551
Бәрі де жалған бүгін,
жалған бәрі,
баспайтын өтірікке жан қалмады.
Болмаса үлкенде — ұят
кішіде — ізет,
көгерте қойсын кімді қалғандары.
Баққаны бақ-дәреже, аңдығаны,
үйреніп өтірікке алды бәрі,
жоқ шығар амалы да, кімнің ғана
бұл күнде жалған айтпай-жанды бағы.
Қарашы аттыға да,
түйеліге,
өтірік сіңіп алған сүйегіне,
Әп-сәтте ақтың өңін айналдырар,
аямай жаға салып күйені де.
Бұл күнде бәрі жалған айналаның,—
бұрынғы тұғырынан тайған арың.
Шырылдап,
шындыққа да шыр бітпей жүр,—
құрғақ сөз,
құр уәде,
тайғанақ үн!
Баланы отырғандай алдандырып,
тұрғаны төңірегің жалған күліп.
Көмейін жабар едім ойдың,
бірақ
не дейін жүрегіме салған бүлік?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі жалған өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бәрі жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі жалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері