Мас боламын ба, қас боламын ба біреумен
Бұл бетте «Мас боламын ба, қас боламын ба біреумен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Мас боламын ба, қас боламын ба біреумен,
арланамын ба, қарманамын ба тіреуден,
қарғап-сілеуден құлағым тыныш болса да,
жора мен жолдас жалығар емес мінеуден.
Бәденді жұртпен бас қоса қалған кезде мен,
өбісемін бе,
көп ішемін бе өзгеден, —
Қиыстау тұрып, қиығын тастап көзіңнің
жауыға қалған
жадау кейпіңді сезген ем.
Тектіге де ердім, көпті де көрдім, көп іштім,
қуыршақты құшып, құлыншақпен де тебістім.
Көңілімді бірі қонысындай көрсе киелі,
қонышындай да көрмегендері бар кебістің.
Өртке кіремін, көп те білемін, көп ішем,
қызып та кетіп, көрінген қумен өбісем.
Табынар тәңірім, бағынар әмірім емессің,
адырая қарап, алармай жүрші, тегі сен!
Күлем бе баяу, жүрем бе жаяу амалсыз,
жора-жолдастың бәріне қайдан жағарсыз,
Сенсіз де мені табалайтындар аз болмас,
көзі де көрмей, сөзіме де ермей сан арсыз.
Атау кереңді үрлеп іш, елден үркіп іш,
жата алмасыңды білем ғой сенің тым-тырыс,
Саған ендеше ұнамай-ақ та қояйын,
өзің де мені сынамай-ақ та., жүр тыныш!
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі