Барарың, бармасыңды қалта біліп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Барарың, бармасыңды қалта біліп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Барарың, бармасыңды қалта біліп,
жатқаны той да тарқап,
тарқап үміт,
қастандық —
күле қарап қалады ол да,
кезігіп қара жолда сан тағылық.
Түтігіп, сен дегенде түсі қашып,
жатады ұрдажықтар ұшырасып,
олжалы орыннан да құр қаласың,
обырдан тұрмағасын күшің асып...
Білмеген кімге барып ұрынарын,
қаншама кезігеді ұры-қарың,
оған да құн төлейсің,
діңкелейсің
сүлдерің сүйретіле, құрып әлің!..
Жүрегің шайлыққанда барлығынан
қорқау да қос көрініп таңғы ұлыған,
басқан із, қашқан ізің шыр айналып,
тірейді жарға апарып —
алды күмән!
Қаныңды қайнап тұрған қан-жылым ғып,
сау етіп шыға келер сан зұлымдық,
амалсыз айлалыға тізгін беріп,
аз күңдік пайданы да қаржы қылдық!
Баяғы бақ пен дәулет тұнған абат,
еліңді, жеріңді де құл қанамақ,
барарың,
бармасыңды қалта біліп,
қалдық па қайырымсыз пұлға қарап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барарың, бармасыңды қалта біліп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Барарың, бармасыңды қалта біліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барарың, бармасыңды қалта біліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барарың, бармасыңды қалта біліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері