Көнбеген ырқыңа əлi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көнбеген ырқыңа əлi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 863
Көнбеген ырқыңа əлi
Көңiлдiң мастығындай,
Кеудеңде бұлқынады
Бiр сезiм жас құлындай.
Көбелек кеткен ұшып
Бүгiнде бұрымыңнан.
Кiм мəңгi өтпек iшiп
Көзiңнiң тұнығынан?
Наз əннiң бiрiндейсiң
Көмейде дiрiл қағар.
Газонның гүлiндейсiң
Ызғарға ұрынбаған
Лебiң – нəр, тынысың – бал,
Ұқсайсың бойжеткенге.
Бiлмеймiн, гүл ұсынар
Қай жiгiт қай көктемде?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері