Жабырқау жанды жұбатпай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жабырқау жанды жұбатпай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 775
Жабырқау жанды жұбатпай
Көңiлдiң күйректеу əнi,
Көмiлген көзi бұлақтай
Кездесу сиреп барады.
Елп етпе сезiм, елiк көз,
Балғын наз, ерке, бал қылық,
Семсерлi сертке берiк кез,
Қалайша лезде қалды ұмыт?
Құралай қыз-ау, əнқұмар,
Көңiлiң неден дəркүмəн?
Арманның шығып алдынан
Сүйгенiмде ме бар кiнəм?
Гүл өмiр, құшуақ таңыңа
Бозторғай болып əн төктiм.
Жүрегiмдi ұстап қолыма,
Жолыңа жырды тəрк еттiм.
Үзiлiп кеткен үмiттей
Жүрекке жiбi жалғанбай,
Iз-түзсiз көзге iлiкпей
адасқан аққу – армандай,
Арамыз бүгiн – көк пен жер,
Арамыз бүгiн – көк тұман.
Көңiлден көшiп көктемдер,
Өмiрден өшiп кеттi ме əн?
Таңдайда ерiр бал десем,
Тағдыры жұмбақ жан ба едiң?
Айтылмай жүрген əлде Сен
Əуенi бөлек əн бе едiң?
Тiрлiкте тыным бермейдi
Аңдағай ойлар андыздап.
Жүректiң қылын тербейдi
Жабырқау жырым жалғыз қап.
Шектеулi мына жалғанда
Шеттеу бiр қалып шер кештiм.
Азғантай ғұмыр қалғанда
Алдамағай да ендi ешкiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабырқау жанды жұбатпай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жабырқау жанды жұбатпай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабырқау жанды жұбатпай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабырқау жанды жұбатпай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері