Елемейiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Елемейiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Елемейiн,
Еленбейiн десем де
Еркiмдi алдың,
Елiктей қыз, есен бе?
Iңкəрлiк пе, құштарлық па, бiлмеймiн,
Iлкi сезiм не менде бар, не сенде...
Көздерiңе көзiм менiң түспегей,
Iнжу көзден iнжiл алып iшпегей.
Саған, жаным, бұл жасымда не айтамын?
Түк те айта алман,
бəрi-бəрi iште ғой...
Он сегiз – от,
Отпен ойнар қай батыр?
Неге менi кеш шақырдың айна түн?
«Мезгiл жетпей қалмақ па едi гүл солып?» –
Осыны ойлар отызында ойлы ақын.
Ойлаймын да елемеуге бекiнем,
Елемеуге бекiнем де өкiнем.
«Отыз» – деген ойға шомған орманды
Өртермiсiң Он сегiздiң отымен?
Қылығыңмен, тұнығыңмен, көркiңмен
Елiктей қыз, айырдың-ау еркiмнен.
Сезiмiмдi бұрай берiп қайтесiң,
Мен бiр күймiн əлдеқашан шертiлген.
Көзiң жұмып, ернiң тоспа алқына,
Сағынсаң да берiк болшы салтыңа.
Кеш оянған махаббатта кiнə жоқ,
Кеш оятқан мына бiзде бар кiнə!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елемейiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Елемейiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елемейiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елемейiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері