Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп, – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп,» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп,
Күнге сендiм көктемге ұласар деп.
...Сен жөнiңдi айтпайсың ақ жарылып,
Жалбарынып, жалынып сұрасам кеп.
Жайың қалай,
Бiле алмай күйiң қалай
Жан-жүректiң жабырқап, күйiнгенi-ай.
...Көл түбiне шым батып кеттi бiлем
Көк жүзiнде көз сүзiп, қиылған Ай.
Гүлден нəзiк,
Жаным-ау, гүлден ерке,
Көңiлiңе түстi ме бiр көлеңке?
Өкпе-налаң көбейiп кеттi ме əлде
Күрмеуiңе келмейтiн күнге келте?
Қызулы едiк, қалайша мұздап қалдық,
Қашан жауар бауырын сыздатқан бұлт?
Көзiңдегi бiр тамшы жасты көрiп
Жүрегiме түстi ғой жүз батпан жүк,
Жүрегiме түстi ғой жүз батпан жүк...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп, өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлге сендiм бөктерде бүр ашар деп, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері