Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз,
Қайдан келдiң?
Хабарыңнан жай ұққыз.
Жолықтың-ау,
Аяғымның астына
жапырағын жатқан шақта жайып күз.
Көңiлiмнен көшкенiмен бау жырақ,
Жан жаралы жолбарыстай... сау, бiрақ.
Жолықтың-ау,
Мизамшуақ лебiмен
Миуасыз бақ тұрған шақта маужырап.
Сен жолықтың,
Айналайын, жолықтың,
Ұясына баратқанда қонып Күн.
Тек мен үшiн жаралған жан екенсiң,
Жаратқанның жарлығынан соны ұқтым.
Соны ұқтым да аймаладым мен сенi,
Бақыт басқа бiр келедi деушi едi...
Көз жазбайық еншi-өмiрден ендi, еркем,
Көкжиектен көрiнгенше жер шегi...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері