Жан қыздар, жаныма əркез жақынсыңдар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жан қыздар, жаныма əркез жақынсыңдар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Жан қыздар, жаныма əркез жақынсыңдар,
Жыр жазсам өздерiңе – оқырсыңдар.
Жылдарым өткен сайын,
Көктем сайын
Əдемi болып бара жатырсыңдар.
Кеше бiз кездеспесек, сағынысып,
Жүрушi ек махаббаттың балын iшiп.
Бүгiнде жандарыңа жанай қалсам,
Қиналам сөз таба алмай, жаңылысып.
Деймiн де «мұның өзi жұбаныш қой».
Сендерге қараймын да, тынам iштей.
Ақ шаңқан ауылыңа қонып жатыр
Мезгiлсiз менен көшкен қуаныш, той...
Көзiнен Онсегiздiң от iздеген
Басқа екен Жиырма бес пен Отыз деген.
Қоштасып жастық атты жағалаумен,
Бетке алды белгiсiзге Отыз кемем...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері