Мен сенi көрмегелi көп күн өттi
Бұл бетте «Мен сенi көрмегелi көп күн өттi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сенi көрмегелi көп күн өттi,
Аймалап талай бұлт өптi көктi...
Көңiлге ағыл-тегiл күй қалдырып,
Ақ бейiл – нөсер легi төктi де өттi...
Өзiңдi белгiсiзге тапсырғалы
Жанардан талай-талай жас құрғады.
Момақан жүрегiмдi ертелi-еш
Қамайды уайымның қасқырлары.
Есiңнен шығара алмай сен де менi,
Қинай ма шөл – ернiңнiң шөлдегенi?..
Сүйенiп кiрпiгiңе, бəлкiм, сенiң
Түн болса ұйқысыздық сенделедi...
Күз келiп,
жанарыңа шық тұрғалы,
Келмесiн сол көктемнiң ұқтырғалы, –
Көзiңе тұман тұнған, кiм бiледi,
Мен болып көрiне ме жұрттың бəрi!
Əлде, өксiп, атасың ба қарғыс – оқпен,
Қауышқан сайын суық жар-құшақпен?
Көңiлiң алай-дүлей күйде ме əлi,
Сияқты жал-жал толқын жарды соққан?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі