Мiнезiң сенiң жаз-жайраң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мiнезiң сенiң жаз-жайраң» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Мiнезiң сенiң жаз-жайраң,
Жұмақтан жұпар жұтқандай.
Жапырақ-жаным мəз-мəйрам,
Шомылып шыққа шыққандай!
Шадыман шақпен тым аңғал
Ақ қардай таза бейiлсiң.
Еңсенi басқан тұмандар
Ертерек бiзден сейiлсiн.
Қасiрет, қайғы барын да
Ұмыту бiзге жөн бе екен?
Арқалап мұның бəрiн де
Асқардан асып жол кетер...
Ал қазiр, жаным, бiздерге
Ерте де шығар мұны ойлау.
Жайдары, жарқын жүздерге
Жақсысы – əсте мұңаймау.
Қапассыз, торсыз, қамалсыз
Күндердi күнге жалғаумен
Қайғысыз, қамсыз, алаңсыз
Өтсiн де бiздiң бал дəурен!
Ақ қарды,
Анау бақтарды
Арала, ойна, күл, еркем.
Аңыздай албырт шақтарды
Аңсаймыз да ғой күнi ертең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мiнезiң сенiң жаз-жайраң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мiнезiң сенiң жаз-жайраң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мiнезiң сенiң жаз-жайраң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мiнезiң сенiң жаз-жайраң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері