Арман

Бұл бетте «Арман» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1034
Мен саған жете алмадым, жете алмадым,
Алыстап сен де менен кете алмадың.
Ебім жоқ, қу тірлікке есебім жоқ,
Есімде сол есептен екі алғаным...
Жете алмай келем саған əлі де мен,
Ей, арман, зарықтырмай жаныма кел!
Ізіңді көрсетпейді Темірқазық,
Жүзіңді көрсетпейді жарық əлем.
Жақсыға жайдақ өмір жарасқан ба? –
Созып тұр көкке қолын ағаштар да.
Қара үзіп қара жерден кете алмадым,
Қайтейін, қанаттының бəрі аспанда.
Көркіңе көрші ме еді Көктем гүлі?
Көп еді көкіректің неткен мұңы:
Көзімнен бір жалт етіп көшер жалған
Мен саған жеткен күні, жеткен күні...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері