Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап
Бұл бетте «Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап,
Əппақ, ару ажарыңа ай ұқсап,
Айлы кеште су перiсi – өзiңмен
Арғы бетке өтер ме едiм қайық сап.
Ақ жағалау,
Мөлдiр айдын,
Белең көк...
Жасыл құрақ жəутең-жəутең елеңдеп,..
Жүректегi қатқан шердi шемен боп,
Бiр-ақ сəтте жiберсең-ау сен емдеп;
Ақ боз мұнар құшағына ап тымық,
Айдын бетi шарайнадай пəк тұнып,
Бiлегiмдi жастанып сен жатсаң-ау,
Жəудiр көкке жанарыңды лақтырып...
Сен Лəйлiге,
Мен Мəжнүнге елiктеп,
Шөлiркесем көзiм жұма төнiп кеп –
Құшағымда қорғасындай балқы да,
Ерiнiңнен өпкен сəтте – ерiп кет!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі