Бiлектей арқасында өрген бұрым
Бұл бетте «Бiлектей арқасында өрген бұрым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Бiлектей арқасында өрген бұрым»
Сұлуды бүгiн емес, көргем бұрын.
Тағдыры талай шаштың еске түссе
шығады көкiрегiмнен шерменде үнiм.
Кем болып бiр келiсiм келбетiнде
Аққусыз ұқсамай ма көл жетiмге?
Жүрегiң қалай ғана қан жыламас
жоғалса бiр сұлулық жер бетiнде?!
Ару қыз, алма мойын, ақша беттi,
Тоқ бұрым аш белiңдi жапса неттi?
...Тiрiлiп қыз Құртқалар келедi-ау деп
Бiр үмiт жанарыма жақсам еттi...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі