Соншалық көргiм келдi сенi, жаным
Бұл бетте «Соншалық көргiм келдi сенi, жаным» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соншалық көргiм келдi сенi, жаным,
Тағатсыз тартып көзiң, лебiң, əнiң...
Ауасыз кеңiстiкте аласұрған
Дауасыз бұл жүрекке неғыламын?
Алдымнан шықшы көзiң күлiп тұрып
Қайғымды, уайымымды ұмыттырып.
Кеудесi жақсылардың – алтын сандық,
Кеудесi жамандардың – қырық құлып.
Ырқынан шыға алмайтын үй, қораның
Ынжыққа қалай сенi ұйғарамын?
Көзiмнiң көзесiне мəймiлдетiп
Көңiлiңнiң шарабынан құй, қарағым.
Шарап құй, өтiнемiн, мұң құймағын,
Мас болсын махаббатқа ылғи жаным.
Арманым бар ма менiң, ала бұлтсыз
Алдымнан шығып тұрса Күн-дидарың!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі