Бұл бетте «Жай-күйiне кiм алаң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жай-күйiне кiм алаң
Жабырқаулы ақынның?
Жүрегiмдi жылаған
Жұбата алмай жатырмын.
Көңiлiм-ау, үр жаңа,
Қандай күйге кезiктiң?
Менен шаттық бiржола
Кеткенi ме безiп тым?
Жанарым да жiбiп тұр,
Жас тұнған ба, о несi?
Əлде, əлде... Үмiттiң
Қайырлады кемесi?..
Тұнық көңiл, пəк көңiл
Бұзылды ма нiлдейiн?
Тамылжыған тəттi əнiм
Үзiлдi ме, бiлмеймiн...
Жарық күнiм дiн аман
Жоғалды ма түнге енiп...
Жүрегiмдi жылаған
Жұбатады кiм келiп?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі