Аямай жанға жүк арттым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аямай жанға жүк арттым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 770
Аямай жанға жүк арттым,
Ақымақпын ба, қандаймын?
Өзiмдi-өзiм жылаттым,
Өзiмдi-өзiм алдаймын.
Басыма шапты бар қайғым,
Баянын таппай аз бақыт...
Қобыздай қоңыр сарнаймын
Жүректiң қылын қоздатып.
«Бəрi де бəрi кеш, – деймiн, –
Келмеске кеттi кекiлдiм...»
Өзiмдi-өзiм кешпеймiн,
Өзекте өксiп жетiм мұң.
Жапанға көздi сатам да
«Қайрылмас, – деймiн, –
ендi ол қыз».
Осынау жəми жаһанда
Жаратқан жалғыз,
Мен жалғыз.
Жайғанмен жанды алғаусыз,
Еншiме кеттi енбей бақ.
Аяулы жаннан аңдаусыз
Айрылып қалған мен – бейбақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері