Әй, әппақ қыз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Әй, әппақ қыз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 998
Әй, әппақ қыз,
оппақ қыз,
әй, әппақ қыз,
аласұрған жаныма тоят тапқыз, —
аяғы жоқ, басы жоқ,
жалғасы бар
романның жартысын аяқтаппыз!..
Келіп еді қызығып, қыздай өпкім
көңілімді неліктен мұздай еггің?!
Салғың келсе — сал, құдай, жорта сынға,
ортасында қалмап ек біз қай оттың!
Қорғана алмай сұқ көзден сен де,
мен де, жем болдық-ау желауыз пенделерге.
...Аяғы жоқ, басы жоқ бұл роман
біраз жылға жазылар кем дегенде...
Шырылдамас жаны мен тәні үшін кім,
бал ұсындың...
біресе зәр ұсындың.
Оңашада өтірік өліп-өшіп,
шыға бере кекетіп...
кәрісіндің.
Әй, әппақ қыз, әппақ қыз,
әй, әппақ қыз,
сарсаңға сал, сандалтып,
саяттатқыз,
аяғы жоқ, басы жоқ романның
жалықтырмай... —
жалғасын аяқтатқыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әй, әппақ қыз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әй, әппақ қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әй, әппақ қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әй, әппақ қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері