Бұл бетте «Ару» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Майысқан Көкшедегi қайындардай
Мiнезi жұмсақ қандай, мəйiн қандай?!
Жанары жақұт шашып жалт еткенде –
Жүрегiң жайрап қалар жай ұрғандай.
Түспеген хан кызындай тақтан əлi
Толықсып тоты құстай баптанады.
Үлпiлдер үр қызындай үкi көзi,
Бүлкiлдер бүлдiршiндей ақ тамағы.
Сызылған сазсырнайдай үнi қандай?!
Ернi уыз, лебi қымыз, тiлi балдай!..
Көрмеде сақтау керек мұндай Гүлдi
Жiгiттер, көрген бойда жұлып алмай!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі