Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Қасыңа Ай ұрланып келсем дердей,
Қайың да қайыл қалып, теңселгендей.
Тағдырың таразыға тартылғанда –
Салмағың сары алтынмен өлшенгендей.
Жан бiлмес жүрегiңде жұмбақ бардай,
Құлпыңның құпиясы мың катпардай.
Бiр арман көрiнбестен қолын бұлғап,
Астынан алты қырдың үн қатқандай.
Жайлаудың жаңбыр жуған жалбызындай,
Жақсының жан екенсiң жалғызындай.
Қиырдан көзiме ерек көрiнесiң
Қиылған қасы-көзi хан қызындай.
Жамалың жаймашуақ жарық таңдай,
Жаһанды жақсылыққа жарытқандай.
Биязы үн, бипаз мiнез – жан жиһазы
Төркiнiн тектiлiктiң танытқандай!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері