Бұл бетте «Мағжанша» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй тағы,
Еркем, гүлiм, ернiң қандай шипалы!
Ессiз күйде елжiретiп, ерiтiп
Бара жатыр жанды, тəндi, құйқаны...
Тағы да сүй, тағы да сүй, тағы сүй,
Еркелеуiң, өртегенiң – бəрi сый.
Тəңiр сыйы емей бiзге немене
– Таныс үйде тар төсекте табысу!
Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй, жаным,
Лаула, жаула, өн-бойыма құй жалын!
Шапағатқа толсын кеүдем шүпiлдеп,
Махаббатқа болсын кəмiл иманым.
Сүй тағы да, сүй тағы да, сүй, жаным...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі