Жас талдай бой түзеген қара суда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жас талдай бой түзеген қара суда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Жас талдай бой түзеген қара суда
Тал бойың таласып тұр жарасымға!
Жаныма жанай келiп жалт бересiң,
Жанарға үмiт шамын жағасың да.
Жалт берiп сен кетесiң,
Мен қаламын,
Еркесi кең даланың – Кермаралым.
Таусылып құмсағаттай демде амалым,
Елеңдеп, есiк жақты мен бағамын.
Ашылмас кез келгенге қас-қабағы
Арудың тəкаппарлық – тас қамалы.
Көмкерiп төңiректi жүре берер
Төңкерiп тана көзiн тастағаны!
Мен болсам құйып алып мұң жанарға
Қараймын өңге,
меңге,
үр жамалға.
Iшiмнен қорғаштаймын:
Хордың қызы
Қор болып кетпегей деп бiр жаманға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас талдай бой түзеген қара суда өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жас талдай бой түзеген қара суда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас талдай бой түзеген қара суда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас талдай бой түзеген қара суда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері