Қарлығашым, қанатынан жел ескен –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Қарлығашым, қанатынан жел ескен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кəмилаға
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Алдарқатшы əуезiңмен, үнiңмен!
Таңдайыма бал тамызшы тiлiңмен.
Жалғыз тамшы жарып өтсiн кеудемдi
Жаратқанның кiрпiгiне iлiнген.
Телефонның ар жағынан бер келшi,
Еркiңмен кеп,
Дертiмдi емдеп, дем бершi.
Жас шағымның жалауындай желбiреп,
Ақ сағымның аясында тербелшi.
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Көрдей қуыс көкiрегiме Күн жақшы.
Жанарыма үйiрiлген жасымды
Жалғыз ауыз лебiзiңмен құрғатшы.
...Телефонның ар жағынан тiл қатшы!..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі