Алып кетшi аспанға менi, жаным –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Алып кетшi аспанға менi, жаным» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып кетшi аспанға менi, жаным,
Қара жерде қалқайып неғыламын?
Бүгiнде қайырымның халi мүшкiл,
Бүгiнде шайырыңның шерi қалың.
Алып кетшi аспанға, қиыр жаққа,
Қара жер маған мəңгi бұйырмақ па?
Ақын кiмдi, апырай, арқа тұтпақ,
Бақыр ғұрлы қадiрiм, сыйым жоқта?..
Алып кетшi көгiңе – ана ауылға,
Аңсарым да сол менiң, қалауым да.
Қарап өлгiм келедi ақ жүзiңе
Қара жердiң қалғанша қамауында.
Алып кетшi...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі