Кiм екен екеумiздi дуалаған
Бұл бетте «Кiм екен екеумiздi дуалаған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Хат жазып Алла атынан ақ қағазға
Күпiр деп, күнəлi деп куəлаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған
Арасын ақ-қараның сұрамаған?
Еңсесiн елес құрлы тiктей алмай,
Есiктiң аржағынан сығалаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Аңдаусыз арамызға сыналаған?
Пейілiне пенделiктiң нендей шара,
Қимаған қылдай қызын мына маған?!
Кiм екен екеумiздi дуалаған?
Өзiмнен өзге ешкiмдi кiнəламан.
Құдай хақ,
Перiште пəк..,
Жан бар ма екен
Жалғанда құламаған, жыламаған?..
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Шүбəсiз, əмбеге аян бiр ақиқат –
Күнəсiз туды дейсiң кiм анадан!..
…Кiм екен екеумiздi дуалаған?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі