Өлең, жыр, ақындар

Серт

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 916
Тостағаны уға тола ғасырда
Менiмен бiрге бола аласың ба?
Бұл дүниеден булықса даусым,
Ол дүниеден ораласың ба?
Мiнезi шəркез мына ғасырда
Балапан басып құлама шыңға,
Алты айлық жолдан аңсап бiр келсем,
Алдымнан күлiп шыға аласың ба?
Құдайдың мынау Құтханасында
Жұмаққа барар жұп боласың ба?
Шыңырауға түссем,
Шырқырап жаның,
Құласам құздан, құтқарасың ба?
Тағдырдың –
Iшi тар кемесiнде
Талықсып кетсем, əл бересiң бе?
Қара суға күнiң қарап қалса да
Қара басымды Хан көресiң бе?
Екi де көзiң мөлдiреп, күлiп
Жетегiме ершi жең-бiлек түрiп.
Сен «Ерiм» десең, мен «Жарым» дейiн
Ерiп те балқып елжiреп тұрып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менталитет

  • 0
  • 0

...Иə, біз шымкенттікпіз,
Шымкенттенбіз!
Жарқын жаз,
Жаймашуақ гүл көктембіз!

Толық

Тағдыр

  • 0
  • 0

Тағдыр,
Мені жасытпа, ашындырма,
Кез келгенді кеудемсоқ басындырма.
Бөлек етпе елімнің еншісінен,

Толық

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде

  • 0
  • 0

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде,
Түседі-ау ғазиз басың сергелдеңге.
Емінген елігіне ессіз жүрек
еншісін егеленбей ем көрген бе?

Толық