Жаныма сəуле сеппедi жаңа Айдың бəрi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жаныма сəуле сеппедi жаңа Айдың бəрi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Жаныма сəуле сеппедi жаңа Айдың бəрi,
Арайлым кəнi, құдай-ау, арайлым кəнi?
Сал бөксе сабыр салмағын санама салды-ау,
Сəуiр келсе де ерiмей самайдың қары.
Көктемдi аңсайды зарығып жан, тəннiң бəрi…
Хабарсыз кеткен қандай-ды қалқамның халi?
Ебiл де, дебiл, құдай-ау, қашан еридi
Арқамның қары,
Алатау, Балқанның қары?
Езiлiп, ерiп көп болды-ау жыламағалы…
Езiлу, бəлкiм еркекке күнə болады .
Аудағы аусар балықтай тулап та шоршып,
Еңiске қашан елпiлдеп бұлақ ағады?
Арайлым қайда?
Құдай-ау, қалқашым қайда?
Көктемнен келсе бiр хабар, қан тасынбай ма?!
Жаз келiп, шiркiн,
Аққу мен қаз қонып көлге,
Жағажай езiп жатпай ма малтасын майда…
Мен жетпей көкке,
Мен еккен жетiп дарағым,
Өтiп барамын өмiрден, өтiп барамын.
Арайлым менiң,
Ақ жолды Алла бұйыртса,
Сен кеткен жаққа мен де ертең кетiп қаламын…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері