Төсiңнен тоят бердiң...
- 0
- 0
Төсiңнен тоят бердiң... Қанды шөлiм.
Ернiңнен есiм кете балды iшемiн.
«Махаббат бар!» дегенге – мəңгi сенiм!
«Махаббат жоқ !» дегенге – қарғыс, өлi...
Бұл бетте «Қарғам-ау, Сiз қайдағы, бiз қайдағы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төсiңнен тоят бердiң... Қанды шөлiм.
Ернiңнен есiм кете балды iшемiн.
«Махаббат бар!» дегенге – мəңгi сенiм!
«Махаббат жоқ !» дегенге – қарғыс, өлi...
«Кетпе» – дейсiң,
Өкпелейсiң.
Тез басылдым, мастық па, сөкпегейсiң,
Көз жасыңды жастыққа төкпегейсiң.
Сен менiң көңiлiмдi таба алмадың,
Табамын деп таусылды амалдарың.
Көлгiрсiп, масаң күлiп, майысқанмен,
Көрсеттi жасандылық жанарларың.
Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм,
Уақыт құйып жатыр көзге шерiн...
Өртенген жапырағы жадау бақта
Дерт емген күндерiммен кездесемiн.
Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың,
Жанарға жас, көңiлге мұң аларсың.
Есiгiңнен елесiм сығаласа,
Қайдан менi есiңнен шығарарсың?!
Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi.
(Сен барында ғажап-ты, ғанибет-тi...)
Мерекесiз мезi еткен мезгiлдейiн
Берекесiз бiр күнiм тағы да өттi.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі