Менің Мәжнүн – жүрегім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Менің Мәжнүн – жүрегім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Кiмге керек бұл жүрек сен ұқпаған?!
Күз гүлiндей күн сайын семiп барам.
Кең дүние тұрғанда,
Кеуде деген –
Керек пе едi Мəжнүнге берiк қамал?
Мəжнүнiм-ай, зар болған Лəйлiсiне,
Қара көзiң телмiрер қай кiсiге?
Қара басын қамдаған қайманаға
Қайыршының мұңы не, қайғысы не?!
Өзiмдiкi болмай тұр, өз жүрегiм,
Оны қалай мен саған сездiремiн?
Күн қақтаған айналып бөзге реңiм,
Тез мұңайып,
Тез жылап,
Тез күлемiн...
Амалым не,
Ай-күннiң аманында
Ақылым да, таусылса амалым да?
Мəжнүн мұңын кiм ұғар, құдайым-ай,
Жəми жапан жұтылса жанарымда?!
Тəңiрiм-ай, қайда едi жарық күнiң?
Кiм түсiнер ғашықтың ғарiп тiлiн?
Өткiр жүздi қолыма қанжар түссе,
Жүрегiмдi тастар ем жарып бүгiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің Мәжнүн – жүрегім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Менің Мәжнүн – жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің Мәжнүн – жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің Мәжнүн – жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері