Сен өлеңсiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен өлеңсiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Сен өлеңсiң,
Тұп-тұнық тұма жырсың!
Тумай жатып туажат күнəлiмсiң.
Адам болып келген соң бұл фəниге
Сүймей, күймей күнəдан кiм арылсын?!
Тұма жырсың!
Ендеше, сен мендесiң,
Кеудемдесiң,
Шерлiсiң,
Шермендесiң...
Тəңiр сыйы – басыма тəж кигiзiп,
Пақырыңды патшаға теңгергенсiң!
Сүйдiм сенi,
Ес-түстен мəңгi айрылып,
Құбылаға құлдайын маңдай бұрып.
Тəуекелдiң түбiне тастай баттым,
Тағдырымның тəлкегiн таңдай бiлiп.
Сүйдiм сенi,
/Хақ куə бiр басыма/
Тұңғиықтың телмiрiп тұнбасына.
Əуезелеп айта алман мұны ешкiмге,
Айды əкелiп салса да Түн қасыма.
Сен өлеңсiң!
Өмiрге өлең ғашық.
Қара жердi сен үшiн келем басып.
Күтiп алар-алмассың құрақ ұшып,
Құтыла алар халiң жоқ менен қашып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен өлеңсiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен өлеңсiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен өлеңсiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен өлеңсiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері