Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi,
Аяздың беттi қарып үскiрiгi.
Жылусыз содан берi жыл өтiптi,
Естiлмей Елтiнжалдан құстың үнi.
Екеумiз кездесiп ек тəттi үмiтпен,
Тұмшалап тəттi үмiттi ақ түбiтпен.
Мен сонда-ақ асты-үстiңе түскiм келген
Бағбандай балауса гүл, бақты күткен.
Қайтейiн, дидарыңа қанбасам да,
Көндiккем көргенiме анда-санда.
Серуендеп, сейiл құрып жүрмесем де,
Сезгенмiн сенде екенiн əн де, сəн де...
Бөлiсiп ортақ олжа – əрбiр сəттi,
Кеңiттiк /кеш те болса/ тар құрсақты.
...Кешегi жас желегi жамыраған
Талдырмаш тал, қайыңды қар құрсапты.
Тағы қар,
Талдың басы тағы қырау...
Өтмiштiң, байқағанға, бəрi мұң-ау.
Тапжылмай тас төбемде тұрып алар
Шiлденiң Күнi қайда, Тəңiрiм-ау?
Тағы қар,
Ақ қыраулы қаңтар, ақпан...
Алты ай қыс ауған бiлем Арқа жақтан?
...Қалқам-ау, өзiң қайда, сөзiң қайда
Өнбойға əн таратқан бал тамақтан?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері