Өлең, жыр, ақындар

Ол

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Жабырқап жадау жүрек,
Жайқалмай жыр,
Ол саған жан сезiмiн айта алмай жүр.
Жасқанып есiгiңнен ене алмай жүр,
Мас болып махаббатқа қайта алмай жүр.
Бiлмейсiң,
Сезiнбейсiң,
Сен ұқпайсың,
Себебi... аз ойланып, көп ұйықтайсың.
Өмiрдiң сұрқай өңдi сұқ көзiнен
Жасырған Жаппар ием Тобықтайсың.
Келмейсiң,
Кездеспейсiң,
Жолықпайсың,
Толғанып,
Тобаңды айтып,
Торықпайсың.
Елп етпей өзiң түгiл Елесiңе
Жек көрiп кетедi-ау деп қорықпайсың.
Ол сенi ұмытпайды, ұмытпайды –
Алласын аузына алып ұлықтайды.
Үмiтiн, су алса да, суытпайды,
...Жалғызды жар төсегi жылытпайды.
Бiлмейсiң,
Бiле алмайсың,
Сезiнбейсiң,
Зейнеттен,
Бейнеттен де безiнбейсiң!
Ерге бiр,
Есiкке бiр елеңдеген
Үмiттiң үкi көздi өзiндейсiң.
Таңдайда дəмi қалған шербеттейсiң,
Бесiгiн беймаз күннiң тербетпейсiң.
Өзi жоқ..,
Көлеңкесi бар бейбаққа
Фəниде,
Бақида да сен жетпейсiң!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе

  • 0
  • 0

Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе,
Түсiңе енiп, жүрем бе жиi есiңде?
Жүз жыл өтсiн, мейлi, мың жыл өтсiн,
Мендiк мынау жүрекке иесiң бе?

Толық

Жүрегім бірде күлер, бірде жылар...

  • 0
  • 0

Жүрегім бірде күлер, бірде жылар...
Ол, шіркін, кімге ғашық, кімге құмар?
Аужайын көңіліңнің айтпағанмен,
Хал-жайын махаббаттың білген ұғар.

Толық

Қараша

  • 0
  • 0

Желігі – Жаз,
Елігі – Наз,
Дерті – Өлең,
Еркі, көркі елден ерек еркем ең...

Толық