Өлең, жыр, ақындар

Тəттi мұңның

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Тəттi мұңның,
Ақ түнiңнiң айғағы
Дөңгеленiп Ай туғанша қайда əлi...
Көк жүзiнде көзiн ашып сан жұлдыз,
Дiлбар кештiң дiрiлдеп тұр қаймағы.
Əлдеқайдан талып жеттi Шəмшi əнi...
Таң атқанша, құдайым-ау, қанша əлi?!
Кiрпiгiңнен түстi неге үзiлiп
Үкi көздi үр қызының моншағы?
Əлдеқайдан əлдебiреу тəттi əн сап,
Əзiз бiр жан əлдекiмдi жатты аңсап...
Ащы-тұщы тағдырым ба, кiм бiлсiн,
Кiрпiгiңнен тамып түскен ақ моншақ...
Мың бiр жұлдыз,
Тұнжыр түнде тым үнсiз
Жүрдек соққан жүрек қана тынымсыз.
«Өз өмiрiм өзiме, аға, ұғымсыз..,
Маған бекер жолықтыңыз бүгiн Сiз...»
Көзден ұшып Айдың өңi ақторғын,
Көк жұлдызын көлегейлеп жапқан кiм?
Ес жия алмай есеңгiреп мен қалдым,
Түн қойнына жұтылдың да жоқ болдың...
Қап-қара түн!
Түпсiз түнек,
Қара үңгiр,
Тiл қатсаңшы, тiгiсiңнен жарылғыр!
Қарағым-ау, қай жақта ұшып жаның жүр? –
Хал-хабарың Хаққа ғана мəлiм-дүр!..
Өмiр қысқа,
Тағдыр – нұсқа,
Жол бұраң...
Ұшқан құсты қашан қолға қондырам?
Əлi күнге сыздатады жүректi,
Əлдеқайдан талып жеткен сол бiр əн...
Шəмшi əнi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашықтар

  • 0
  • 0

Қызыл-жасыл көктемде
Қызғалдақты беткейге
Қыз бен жігіт кетпей ме,
Əңгіме, сыр шертпей ме...

Толық

Аузына түсе салмай, мақтаса кім

  • 0
  • 0

Аузына түсе салмай, мақтаса кім,
Абайлап аламанға ат қосамын.
Тəлімін Тəңірімнің таныған соң
Тамырын тіршіліктің тап басамын.

Толық

Элегия

  • 0
  • 0

Қараағаш, құсың қайда, ұяң қайда?
Кетті ме жан сауғалап қиян жайға?
Күніне мың құбылған мына мезгіл
Тонаудан торғыныңды ұялмай ма?

Толық

Қарап көріңіз