Бұл бетте «Жұмбақ жан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағыну,
Күту,
Күрсiну...
Күптiгөй көңiл оянды:
Ғажайып түстей бiр сұлу
Ғайыптан келiп жай алды.
Жұлдызбен егiз Елiнен
Жүрген бiр жандай талай кеп,
Жай алды жүрек төрiнен,
«Мекенiм – осы Сарай» деп.
Жұптасы бiлем жүзiктiң
Ай, жұлдыз, аспан, тұнық түн...
Жердегi қыз бен қызықтың
Бəрiн де бəрiн ұмыттым!
Басылмай көңiл құмарым,
Басымды сиқыр байлады.
Тамырды бойлап бiр ағын,
Тəнiмдi тəттi у жайлады.
Көрмесем көңiл көншiмей,
Көкiрегiм шерге боялды.
Өмiрмен егiз емшiдей
Өлмесiм ендi аян-ды!
Туғанға тұмам тартылып,
Əдiрем қалды жар, бала...
Сол үшiн барым – тəркiлiк,
Сол үшiн жаным – пəруана!
Көңiлi күптi, кейпi мұң
Есiмнен шықты сорлы ана...
Ұйқысыз өттi кей түнiм..,
Есiл де дертiм – сол ғана!
Бар ма екен өзi бұл маңда?
Құп алар ма екен, гүл берсем?.
Көзiмдi жұмбай тұрғанда
Үлгерсем...
Шiркiн, бiр көрсем!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі