Мөп-мөлдiрсiң
Бұл бетте «Мөп-мөлдiрсiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұп-тұнжырсың,
Тұнықсың,
Тұнығыңда тұма барын кiм ұқсын.
Жар қойнында жалыныңа шарпылып,
Жазған жүрек жалғыз саған құнықсын!
Тұп-тұнықсың,
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұнжырсың,
Тұнжырыңда тың жын барын кiм бiлсiн.
Барым сенiң баяныңа бас ұрып,
Жаным сенiң жамалыңнан үргiлсiн!
Тұп-тұнықсың,
Тұп-тұнжырсың,
Мөлдiрсiң,
Өзегiме өрт жалатқан өндiрсiң.
Көбелектей көркiңе ынтық Пəруана
Көктегi Айды алақанға қондырсын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі