Бұл бетте «Гүлдесте» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.07.2021
0
0
1226
(Əзіл)
Ұсынғанда Гүлдесте
Қыз жымиып күлмес пе,
Айтсам деген сырыңды
Айтқызбай-ақ білмес пе?
Жымиғаны жарасып,
Жыли қалып қарашық,
Кетер, бəлкім, гүл шоғы
Жүрегіне жол ашып!
Бал-бұл жанып іреңі,
Жиі соғып жүрегі,
Қыз жымиып күледі,
Өзі де бір гүл еді!
...Ұсынғанда Гүлдесте
Қыз жымиып күлмес пе,
Ал сонан соң... бір кеште
Құшағына кірмес пе?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі