Наз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Наз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1120
Жаным, балауса,
Бала шыбықтай
Мені қалайша
Қаласың ұқпай?
Мұнар тауымдай
Зеңгір, асқағым,
Құмар таңымдай
Мөлдір аспаным.
Мұңсыз көктемім,
Ілкі жазым бол.
Үнсіз кетпегін
Күлкі, назым бол.
Ақ арманыммен
Асығулы едім,
Адал жарым бол,
Ғашығым менің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері