Қауышу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қауышу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Мен саған өкінбеймін кеш келдің деп,
Онсыз да өмірімнен өшкен күн кеп.
Сен маған қарсы жүріп келетқанда
Жүрегім дүрс-дүрс соқты:
«қош келдің», – деп.
Мен саған өкінбеймін кеш келдің деп,
Онсыз да көңілімнен көшкен күн көп.
Сен маған қарсы күліп келетқанда
Жүрегім лүп-лүп соқты: «не істермін?», – деп.
Жүрегім жүріп... жүрмей...
Тоқтай қалып..,
Қалықтап,
Қиял құсы көкті айналып...
Өртеніп сағыныштың алауымен
Сен кірдің құшағыма оттай жанып!
Ғажабы ғашықтардың бар ма осындай?! –
Балқыдым қызуыңа қорғасындай.
...Қоштасып сеніменен қайтқан соң да,
Бір өзім келе жаттым жолға сыймай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауышу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қауышу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауышу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауышу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері