Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме –
Жанға жағып барады сөзің неге?
Тал бойымды еріткен ерке қылық
Көзіңде ме,
жоқ, əлде, сезімде ме?..
Əлде ғажап сол жұмбақ əніңде ме –
Саған қарай беремін, жаным, неге?
Қадіріңді білдіріп бір-ақ күнде,
Сабырымнан айырдың сағымға ене...
Мұң шақпайын деуші едім ешкімге енді,
Мүмкін, мансұқ еттім бе кеш гүлдеуді?..
Көргендеймін көзіңнен бір жұмбақты,
Сол жұмбақты тезірек шешкім келді.
Кезінде ме, айтшы, əлде, кеш көрдім бе?
Көшкен күнге не дермін? –
«Қош» – дермін бе?
Көз қырыңды сала жүр, айналайын,
Кеудемдегі сол нəзік өскен гүлге...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері