Туралықтан қалайша тұра қашам? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Туралықтан қалайша тұра қашам?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Туралықтан қалайша тұра қашам?
Жаза басып, жасадым күнə қашан?
Ғұмырымнан не хабар-ошар қалар,
Тұғырымнан құласам, тұраласам?
Өлі менен тірінің арасында
Өмір кешсем, кімменен кінəласам?
Жер шектелер теңізбен, құрлықпенен...
Емшек берер кім маған, жыламасам?!
Қырық құрау, жүз жамау жүрегім-ау,
Сəл нəрсеге алданып, жұбана сал...
Несібемнен тиесі құр қалармын,
Құдайға да құлқыммен құламасам.
Төрдегі орным көрінер тұманданып,
Сыртта тұрып, есіктен сығаласам.
Елдегі орным көрінер, ерте есейіп,
Егделердің ішіне сыналасам.
«Адам ұлы бол» деген ата сөзге
Енді қашан, құдай-ау, құлақ асам?
Бүгін өмір сүрудің керегі не,
Ұрпағыма ертеңгі ұнамасам?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері