Аяғын басар кердеңдеп – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аяғын басар кердеңдеп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Аяғын басар кердеңдеп
Аспани жақтан келгем жоқ.
Ақикөз, апайтөстерге
Тегімді бермен телмеңдеп!
Жақсыға еріп марқайдым,
Жаманды көріп қартайдым.
Еңкейсем, деме «еңкейдің»,
Шалқайсам, деме «шалқайдың».
Көңілім менің – əппақ ай,
Əппақай бұлтқа батпағай...
Сабырым менің – сары алтын,
Мінезім менің мақтадай.
Олжаға оңай түсетін,
Өзін жеп, өзін ішетін,
Жеміске жеңсік ұқсаймын.
Уылжып іштен пісетін.
Үркектің көрсем үйірін,
Бүлкілдей бастар бүйірім...
Сыртына сырын алдырмас
Ішімде жатыр иірім.
Көрінсем, кешір, кейде асқақ,
Бейіл жоқ менде бейбастақ.
Тілімді тістей қоямын
«Ірімін мен де!..» дей бастап.
Опасыз жерде ой қозғап,
Опат та болған кей боздақ...
Ұятымды алам оятып,
«Ұлымын мен де!» – дей жаздап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяғын басар кердеңдеп өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аяғын басар кердеңдеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяғын басар кердеңдеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяғын басар кердеңдеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері