Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы –
Неге бүгін көңілімнің жоқ хошы?
Көлден безіп көкала үйрек, қасқалдақ,
Шыныменен ауғаны ма бастан бақ?
Көз жасыма, боз басыма боздаған
Мұздап қаны, міз бақпады көзқаман.
«Əпендіден айнымайды кейде Ақын,
Мінезіңіз беймақұлдау...» – дейді əкім.
«Өлеңіңді жүр-əй бүгін кім жаттап?» –
дейді маған бір доссымақ қылжақтап.
«Жазғаныңды кім оқиды, жазған-ау» –
Қатынның да бар тапқаны – қазбалау.
Неғылсын-ау мендей кезбе немесін,
Жинай алмай жатқан шақта ел есін.
Сенен өзге сенетін жан қалмады-ау,
Сен не дейсің Ақыныңа, Аллам-ау?..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі