Әлдекім

Бұл бетте «Әлдекім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 805
Азарланып, безерленіп əл-демім,
Өзімді-өзім танымастай халдемін.
Кеудем ішін емін-еркін еншілеп,
Ен жайлаған сияқты ма əлдекім?..
Еніп алған – не қарақұс, не құзғын,
Енді қайттім? Не бүлдіріп, не бұздым?
Жүрегімді –
Кеудемдегі керімсал
келгені ме жебір құсқа жегізгім?
Енген екен – жесін,
жұтсын,
қылғытсын
Кеуде кеулеп, көкіректі ұңғып шын!
Онсыз-дағы жүдеу, жадау, жүз жамау
Бұл байғұсты кімдер ұқсын, кім күтсін?!
Жүректі жеп,
Жанға ауыссын, жалмасын,
Қанға ауыссын,
Көні кепсін, қанбасын!
...Мен қарға мен құрбанымын құзғынның
Тақтан жеріп, мекендеген тал басын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлдекім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Әлдекім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлдекім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлдекім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері