Серік Тұрғынбековке

Бұл бетте «Серік Тұрғынбековке» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Серік Тұрғынбековке

Бізден көшіп кеткен бе бұрын айлар,
Қыз-қырқынмен күн қайда күліп-ойнар?
Шымырлайды кеудеңде жылы қайнар,
Тұнжырайды көзінде тұнық ойлар.
Ұстазыңды ұмытпа деп тұрғандай
Анау Ахмет, Міржақып, Ыбырайлар...
Сан соқтырған сан-алуан сапарларда
Сыр бермеген Сырағаң, Ғафаңдар да.
Салғанында сан түрлі мақамдарға,
Сен солардан ұқсайсың бата алғанға.
Шаңқай түсте қонғанмен шашына қар,
Ақын жаны тамырда тасып ағар!
«Сіз жетпеген елуге біз жеттік» деп
Жолың түссе, Мұқаңның басына бар.
«Мен елуге келдім – деп, – рас, бала...»
Жол-жөнекей соға кет Жұмашқа да.
Аман болса, сау болса, əлі талай
Ақынынан айрылар бұл астана...
Сейіліне шақырса сезім бағы,
Сері болсаң, селт етпес кезің кəні?!
«Сен келмеген елуге мен келдім» деп
Кеңшілікке жетерсің өзің-дағы.
Елу деген елі емес еріккеннің,
Сəн-сəулетін, сенбесең, келіп көргін.
Жиһазыңмен – жырыңмен көшіп келіп,
Сен де сол бір Сарайға көрік бергін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серік Тұрғынбековке өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Серік Тұрғынбековке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серік Тұрғынбековке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серік Тұрғынбековке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері