Абайша

Бұл бетте «Абайша» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Өмірдің гүлі ашылса,
Көңілдің нұры шашылса!
Жаһанның жүзі жадырап,
Жақсыға жақсы қосылса!
Жарқ етіп жұлдыз жасынша
Ажарын айдан асырса.
Қырмызы қызық осынша
Көзіңнен ұйқы қашырса.
Жиектен күліп Күн туса,
Жайлауы жанның құлпырса!
Зағиптың көзі ашылып,
Зəлімнің жолы қырқылса!
Бесікте бала бұлқынса,
Қуанса əркім құлқынша.
Ұяға жылан жете алмай,
Қияға қыран ұмтылса!
Жауқазын қауыз жайғанша
Қара жер түгі майланса.
Жеміне бүркіт желпініп,
Желіге құлын байланса.
Шалғынға шалғы сай болса,
Жалт та жұлт жүзі қайралса!
Көргенге шүкір көп айтып,
Көңілің көншіп, жайланса.
Ақ жүзін ақшам жаққанша
Жарық күн жанын ақтарса.
Өмірдің əні бітпесе
Тəңірдің таңы атқанша.
Бəйгеге жүйрік бапталса,
Басына жанның бақ қонса.
Қаралар ханға теңеліп,
Қара жер үсті тақ болса!
Баланың көңілі шаттанса,
Ананың жаны ақ болса.
Əлем де жəлем əлемге
Əмірші жалғыз хақ болса!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайша өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Абайша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері