Қабіріңді, ана, қар басып қалды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қабіріңді, ана, қар басып қалды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1018
Қабіріңді, ана, қар басып қалды,
Қар басып қалды – əппақ қар.
Өлім мен Өмір арбасып мəңгі,
Алдыңнан шығар соқпақтар...
Мамығыменен, мақпалыменен
Жапқаныменен қалың қар,
Балауса гүлдей бақта бүрлеген
Көкте ұшып жүрген жаның бар.
Ұшып жүр жаның...
Қауырсының ба
Қалқыған мынау ұлпа қар?
Тағдыры жазса,
Тəңір шыңы да
Қамқа емес, ұлпа қымтанар...
Ұшып жүр жаның періштелермен
Алты қат аспан жақта анау.
Кещелер кейбір келіспегенмен,
Кеңістікте бір гəп бар-ау...
Бұлбұлдың естіп жұмақтағы əнін,
Елесің түске енгенде –
Жападан-жалғыз жылап қаламын,
Жамылып түнді шерменде.
...Өлім мен Өмір арбасып мəңгі
Сені алып кетті қиырға.
Қабіріңді, ана, қар басып қалды,
Қар басып қалды биыл да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабіріңді, ана, қар басып қалды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қабіріңді, ана, қар басып қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабіріңді, ана, қар басып қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабіріңді, ана, қар басып қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері