Таң көзінен тамды мұң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Таң көзінен тамды мұң» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Таң көзінен тамды мұң,
Күнді күтіп қалды ма?..
Жау, жарықтық жаңбырым,
Ұқсап алтын жамбыға.
Жақсы болды-ау жауғаның –
Жастығымды ойға алдым...
Дала да – мұң, тау да – мұң,
Мен де мұңға айналдым.
Тіршіліктен түңілмей
Жабылмасын түндігім.
Табиғаттың күніндей
Көңіл, сен де мың құбыл.
Тағдырыма не дермін? –
Жарық күн жоқ жайнаған.
Аспаннан бұлт, менен мұң
Ауғанынша қай заман?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң көзінен тамды мұң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Таң көзінен тамды мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң көзінен тамды мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Таң көзінен тамды мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері